Елордада халықаралық воркшоп өтті

Бүгін елордада халықаралық воркшоп өтті, деп хабарлайды 24KZ. Жиында депутаттар, ғылыми-зерттеу институттарының сарапшылары, мемлекеттік органдар мен IT-саласының өкілдері жасанды интеллектіні дамыту мен қолданудың этикалық маңыздылығына назар аударды.

Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асановтың айтуынша, жасанды интеллект бүгінде өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, түрлі салаларға белсенді енгізіліп жатыр. Мәселен, Парламентте жасанды интеллектіні заң шығару үдерісіне енгізу бойынша жұмыс қолға алынған.