Шерзат Полаттың ісіне қатысты тергеу аяқталды
Қоғамдық резонанс тудырған Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу ақталды.
Алматы облысының полиция департаменті қылмыстың мән-жайы 62 томға жиналғанын айтты. Қазір тараптар тиісті материалдармен танысқан. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. 8 бейнематериал зерделенді. Тергеу қылмыстық заңнама талаптарына сай жүргізілді, - дейді полиция өкілдері. Ал оның барысы мен қатысушылардың құқығының сақталуын прокуратура бақылады. Еске сала кетейік, былтыр 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Талғар тұрғыны Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапқан еді. Осы іс бойынша 11 күдікті қамауға алынды.