Блиц. Елордалықтар алғыс айтуды бастап кетті

1 наурыз елімізде алғыс айту күні.

Мерейі үстем мереке қарсаңында елорда тұрғындары бір-біріне ризашылығын білдіруді бастап кетті. Олар кімге рахмет айтты? Тілшіміз жүргізген сауалнамаға зер салайық!

БЛИЦ:

1. Бұл өмірде кімге алғыс айтасыз? - Мамама! 

2. Әрине анама. Өйткені өмірге алып келді. Кішкентай кезімнен бері бақты. - Не тілейсіз ол кісіге? Ұзақ өмір тілеймін. Әрқашан жанымда табылғаны үшін.

3. Алғыс айтамын әке-шешеме, жолдастарыма, туысқандарыма. Бірге жұмыс істейтін әріптестеріме алғыс айтамын. Жалпы отбасыма, балаларыма. Ол кісілер бәрі аман болсын. 

4. Әке-шешеме алғыс айтамын. Мені осы өмірге әкелген, тәрбиелеген, өсірген, өмір берген. - Ал сізге алғыс айтатын адамдардың қатарында кімдер болуы мүмкін? - Балаларым, ұлым, қызым, немерелерім, күйеубалам.

5. Мама-папа рахмет сізге. Мені өмірге әкелгеніңіз үшін. Мәпелеп өсіргеніңіз үшін.

6. Ата-анама. Не себепті? - Мен үйде жалғыз қызбын. Сол себепті маған әрқашан қамқор болып, бар айтқанымды істеп, мені дүниеге әкелгені үшін айтамын. Тәрбиелегені үшін. Одан кейін ұстаздарыма рахмет айтамын.

7. Бүкіл халқымыз бір-біріне сыйлы болып жүрсе, жетістік болады. Елімізге де алғыс айтамын. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Қазақстанымыз өркендеп, өсе берсін.