Әскери оқу орынына түскісі келетін талапкерлер іріктеуге онлайн қатыса алады

Бұдан былай әскери оқу орындарына түскісі келетін талапкерлер онлайн режимде өтініш бере алады.

Қазір Қорғаныс министрлігі кадрларды іріктеу мен даярлау сапасын арттыру үшін цифрлық технологияларды енгізіп жатыр. Яғни е–Gov арқылы медициналық тексеріссіз өзі қалаған оқу орнына тапсыра алады. Сондай-ақ, онлайн курстар, электронды кітапханасы бар бірыңғай әскери білім беру платформасы құрылды. Биыл сол арқылы 3 мыңнан астам жауынгерді цифрлық курстар арқылы оқыту жоспарланып отыр.

Мұрат Олжабаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:

- Бұдан басқа Қорғаныс министрлігі Алматы және Қарағанды қаласында Жас Ұлан республикалық мектептерінің базасында тағы 2 әскери колледж Б. Момышұлы атындағы әскери спорт колледжі мен Т. Бигелдинов атындағы әскери колледждер ашу жұмысын жүргізуде. Ағымдағы жылы аталған әскери колледждерге негізгі орта білім базасында 9 сыныптан кейін алғашқы қабылдау жүргізіледі.