Narkostop акциясы: 100-ден аса жарнама өішірілді

Алматыда, Түрксіб ауданында 1 күнде ғимараттардың қабырғаларына жазылған 100-ден аса есірткі жарнамасы өшірілді, деп хабарлайды 24kz.

Narkostop акциясына Жастар саясаты басқармасы мен Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйытқы болды. Шараға 200-ге жуық волонтер, студенттер және комьюнити орталықтардың мүшелері қатысты. Бұл акция тұрақты түрде өтіп тұрады. Мәселен былтыр белсенді жастар есірткі заттарын насихаттайтын түрлі сайттардың атаулары жазылған 100 мыңнан астам жазбаны өшірді.

Дәурен Көбеев, ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

- Біздің жұмысымыз бір ғана акциямен шектелмейді. Түрлі семинарлар мен тренингтер, вебинарлар, спорттық іс-шаралар өткіземіз. Барынша ақпарат беруге тырысамыз. Бүгін біз есірткіні насихаттайтын жазбаларды бірге өшірдік. Бұл әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке тартып, 1 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.