Маңғыстау облысында 260 салық төлеуші шынайы табысын жасырып келген
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында күнде бір чек беріп, жыл бойы бірдей сомаға табысын тіркеп отырған 260 адам анықталды, деп хабарлайды 24KZ. Олар күн сайын тек 7 мың теңгеге 1 чек шығарып отырған. «Бұл салықтан жалтарып, кассалық аппараттарды қолданбағанның айқын көрінісі», – дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары.
Комитет 2023 жылғы деректерде кәсіпкерлер 1 триллион теңгеден астам ақша айналымын жасырғанын анықтаған. Олар төлем карталары мен мобильді төлемдер арқылы түскен қаражатты көрсетпеген. Осы заңбұзушылықтарды өз еркімен түзету үшін салық төлеушілерге хабарламалар жіберілді. Қазір 6 мыңнана астам адам 43 млрд теңге кіріс көрсетілген салық декларацияларын ұсынды. Нәтижесінде 1,1 млрд теңге салық төленді.