Өрт сөндірушілер былтыр 14 мыңнан астам адамды құтқарған
Қазақстандық өрт сөндірушілер былтыр 83 мыңнан астам шақыртуға барған.
Нәтижесінде 14 мыңдай адамды қызыл жалыннан арашаласа, зардап шеккен 6 мыңға жуық адамға медициналық көмек көрсеткен.
Мерей Қанапия, тілші:
- Өзгелер өрттен қашқанда олар тілсіз жауға қарсы ұмтылады. Өзгелерге қауіп төнсе, олар бірінші болып қол ұшын созады. Иә, біз бейбіт күннің батырлары өрт сөндірушілер туралы айтып отырмыз. Қазір өздерімен тілдесіп, қызметімен жақынырақ танысамыз.
Жедел дабыл, шұғыл қызмет – өрт сөндірушілер үшін қалыпты жағдай. Олардың әр күні өмір мен өлімнің ортасында өтеді. Алда қандай шақырту күтіп тұрғанын да білмейсің.
Мерей Қанапия, тілші:
Нұртуған Молдабеков, №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:
- Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақстандық 70 өрт сөндіруші қызмет барысында қайтыс болған. Олардың басым бөлігі адамдарды құтқарамыз деп өз өмірлерін қиған. Енді командир мырза өзіңіз айтыңызшы өрт сөндіру кезіндегі ең қиын әрі күрделі тапсырма қандай? – Күрделі тапсырма болғанда өртке байланысты яғни өрт көпқабатты жертөле үйлерде болады. Өнеркәсіптік ғимараттарда...Ең күрделісі осылардың ішінде адамдар болған жағдайда тапсырмалар да күрделі бола бастайды.-----Жалпы сақырлаған отты, көк түтінді көрген кезде қандай әсерде боласыздар, қалай қызмет етесіздер? – Ондай әсерде болмас үшін бізде өрт сөндірушілер әрбір тоқсан сайын және өрт сөндіру қызметіне кірер алдында алғашқы даярлықтардан өтеді. Яғни арнайы дыбыстар, түтін және қараңғыда қалай өз-өзін ұстау керек, ғимараттарға кіру әдістерін үйретеді.
Иә, жалаңдаған от пен көк түтінге, адамдардың көмек сұрап, жанұшыра айқайлаған дауысына екінің бірі шыдамайды. Мұндай сәтте өрт сөндірушілердің командалық тәжірибесі мен психологиялық төзімділігі сынға түседі.
Мерей Қанапия, тілші:
Нұрислам Досан, аға өрт сөндіруші:
- Қазір өрт сөндірушілер жедел киініп, сыртқа шығуға дайындалып жатыр. Сол аралықта ір жауынгермен тілдесіп көрейік. Өрт сөндіруші орта есеппен қанша секундта киіну керек? – Өрт сөндіруші орта есеппен 24 секундта киіну керек. Негізгі норматив қанша? – норматив 19 секнудт.Бөлімшемен 24 сек. Киімнің жалпы салмағы қанша? – шамамен 30-35 кг болады.Бұл арнайы киім сіздерді қызмет кезінде толықтай қорғай ала ма? – толықтай қорғай алмайды. 20-30 пайыз яғни 200-300 градуста ғана қорғай алады.
Нұртуған Молдабеков, №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:
- Өрт сөндіруші өз міндеттерінен бөлек тағы қандай қызметтерді білуге міндетті? – Өрт сөндіруші өз қызметтерінен бөлек. Адамдарды құтқару барысында алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Жедел жәрдем келгенге дейін көмек көрсетеді. Оған арнайы оқытылады біздің өрт сөндірушілер.
Тілсіз жау салғырттықты кешірмейді. Оқыс жағдайда жылдам шешім қабылдап, табандылық таныту маңызды. Өзгенің өмірі үшін отқа түсуден тайынбайтын өрт сөндірушілердің жұмысы нағыз ерлік.
Мерей Қанапия