Астана бойынша 38 мың адамға өрт қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Астана қаласы Есіл ауданында жыл басынан бері 39 үйде өрт шықты.

Ал былтыр 168 тұрғын-жайды жалын шарпыған еді. Салдарынан 26 тұрғын қайтыс болып, 16-сы улы газдан зардап шекті. Жеке секортадағы төтенше жағдайлардың дені қауіпсіздік ережелерін ескер-меуден болады екен. Ал құтқарушылар күн сайын халықты құлақдар етіп, пештерді тексеруде. Жылыту маусымы басталғалы 20 мыңнан астам үйді аралап, 38 мың жанға түсіндірме жұмыстарын жүргізген. 

Алмас Сүлейменов, Есіл аудандық ТЖБ бастығының орынбасары:

- Улы газдың тарауын тазалайтын датчиктер бар. Есіл аудандық әкімшілігінің көмегімен алынған датчиктер. Соны көп балалы отбасылардың үйлеріне тегін орнатып береміз. Тұрмыстық жағдайлары төмен үйлердің қолдан келгенше өзіміз тазалап береміз. Майлайтын жерлерін майлап береміз.