Петропавлда «30 қадам – ізгілікке» челленджі өтті
«30 қадам – ізгілікке». Солтүстік Қазақстан облысында осындай атаумен челлендж аяқталды. Жастар бір ай бойы әлеуметтік-мәдени шаралар ұйымдастырып, мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Игі бастамалар Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылған форумда айтылды. Мерекелік жиын барысында қоғамдық келісімді нығайтуға зор үлес қостан 30 адам алғыс хатпен марапатталды. Қазір өңірде 21 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді.
Симанас Шаханова, Түрік этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі:
- Қазақ халқы құшағын ашты, үйін ашты, дастарханын ашты. Нанын бөлісті, жайын бөлісті. Сонымен біздің ұлт тірі қалды. Қазақ халқына рақметімді білдіріп жатырмын. Гүлдене берсін Қазақстанымыз. Аспанымыз ашық болсын! Заманымыз тыныш болсын!