Атырау облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты

Бүгін сағат 10:20-да Атырау облысындағы Теңдік теміржол станциясының өткелінде пойыз жүк көлігімен соқтығысты.

Жүк көлігі жүргізушісі көлікті басқара алмай, салдарынан локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып, локомотивті бригада жұмысшылары зардап шекті. Қазақстан темір жолы акционерлік қоғамының мәліметінше, өткен жылы теміржол өткелдерінде көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы кесірінен 28 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Сондықтан теміржол өткелдерінде қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды екенін ескертеді.