ШҚО құтқарушылары ауқымды оқу-жаттығу жиындарын өткізді

Шығыс қазақстандық құтқарушылар тау-шаңғы курортында ауқымды оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Олар алдымен сценарий бойынша, өртке оранған қонақ үйдегі азаматтарды эвакуациялап, зардап шеккендерге қол ұшын созды. Келесі кезеңдерде қар көшкіні астында қалған демалушыларды шығарып, құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Айта кетейік, шығыстағы тау-шаңғы курортына жыл сайын 3 мыңға жуық адам келеді.  

Исхар Савазов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:

- Оқу-жаттығу жиынының мақсаты жеке құрамның дайындығын шыңдап, тәжірибесін арттыру. Кез келген уақытта аяқ астынан түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Сондай сәтте біздің жауынгерлер кәсіби түрде көмек көрсете білу керек. Шығыс қазақстандық құтқарушылар жергілікті тұрғындар мен қонақтарға қашанда қол ұшын созуға дайын.