Әскерилер әсерлі концерт пен көрме ұйымдастырды

Астанадағы Қарулы Күштердің ұлттық әскери-патриоттық орталығы Жеңіс күні қарсаңында ойын-сауық орталығында концерт пен көрме ұйымдастырды.

Онда әскери музыканттар соғыс жылдарындағы әйгілі әндер мен заманауи шығармаларды орындады. Оркестрден бөлек, шығармашылық взводтың сарбаздары да өнер көрсетті. Ал көрмеге майдангерлердің суреттері мен құжаттары, қару-жарақтары мен медальондары қойылған. «Осындай мазмұнды шаралар арқылы жастарды елжандылыққа баулуды көздедік», - дейді ұйымдастырушылар.