Экстремистік ұйымдарды насихаттаған екі азамат сотталды
Түркістан облысында экстремистік ұйымдарды насихаттаған қос азамат сотталды. Үкім шыққан азаматтың бірі - Жамбыл облысының тұрғыны.
Өткен жылдың күзінде «Telegram» әлеуметтік желісінде «Ислам үшін» атты парақша ашып, халықаралық террористік ұйымдардың бейнематериалдарын таратқан. Екінші сотталушы Түркістан облысының тұрғыны да «WhatsApp», «Facebook» желілері арқылы бірнеше рет «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының видеоларын жүктеген. Тергеп-тексеру барысында екі азаматтың кінәсі толық дәлелденді. Сот шешімімен оларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.