Жалдамалы пәтерде тұратын жастарға жаңа мүмкіндік
Енді сатып алу құқығынсыз жалға алған тұрғын үйде тұрып жатқан азаматтар «Отбасы банкінің» арнайы бағдарламаларына қатыса алады.
Яғни жастарға арналған бағдарламалардан бөлек, «Наурыз» және басқа да мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие. Бұл қатарда «Алматы жастары», «Елорда жастары», «Қамқор» секілді тиімді жобалар бар. Оған Алматы, Астана, Шымкент қалаларында мемлекеттік жалдамалы пәтерде тұратын азаматтар да өтінім бере алады. Бағдарлама талаптарында өзгеріс жоқ. Ең бастысы, несие тарихының таза болуы. Егер үміткердің мерзімі өткен қарызы болса, онда жобаға қатыса алмайды. Мұндай жағдайда қарызды толық өтеп, үш ай өткен соң қайта төлем қабілеттілігін тексеруге болады.