Түркістанның өз төлтаңбасы болады

Түркістан қаласының жаңа төлтаңбасы болады.

Қала билігі Түркістанның ерекше мәртебеге ие болуына байланысты конкурс жариялап, алдағы 3 айда ең үздік логотипті таңдап алмақшы. Бұдан былай шаһардың туристік ерекшеліктерін бейнелейтін нышандарға да өзгеріс енгізіледі. Сонымен қатар туристерді тасымалдайтын 8 және одан да көп орындығы бар көліктер шығынының 25%-ы мемлекет тарапынан субсидияланады. Туристерге қызмет көрсететін нысан құрылысының 10% шығыны да жергілікті бюджеттен өтеледі. Бұған дейін бұндай жеңілдіктер облыс әкімдігі тарапынан беріліп келсе, енді бұл өкілеттілік қала әкімдігіне беріліп отыр. Осыған орай бүгін журналситермен кездескен қала әкімі жаңадан құрылыс кеңесі құрылатынын жеткізді. Енді кәсіпкерлік нысан салғысы келетін инвесторлар мен кәсіпкерлер тарапынан түскен ұсыныс-жобалар алдымен қала әкімдігінде талқыланып, одан кейін облысқа жолданатынын айтты. Сонымен қатар шаһар басшысы Түркістанның ерекше мәртебеге ие болуы инвесторларды да қызықтырып отырғанын атап өтті. 

Әзімбек Фазылбек, қала әкімі:

- Қытай, түрік инвесторлары қазір жұмысын бастап жатыр. Осы жақында ғана ҚХР инвесторлар келді. 17 қабаттық қонақүй саламыз деп. Олар да осы заңды біліп отыр. Біз алдағы уақыт та өзіміз ғана келмей, қасымыздағы басқа да әрңптестерімізге айтып, осы қалаға инвестиция тарту бойынша, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыс істейтін боламыз деп олар да өзінің сенімін білдіріп отыр. Соның аясында жұмыстарды жандандырып, жұмыс істейтін боламыз.