Қарқаралы қаласына жерасты су көзінен тартылған құбыр желісі биыл іске қосылады

Қарқаралы қаласына Жарлы жерасты су көзінен тартылған құбыр желісі биыл іске қосылады. Қазір 37 шақырым қашықтан негізгі су торабы жалғаулы тұр.

Былтыр қаланың ішкі желілерін ауыстыру жұмыстары басталған. Себебі ескі құбырлар қатты қысымға шыдамайды. Осыған байланысты жаңа су көзіне қосу бір жылға шегерілген еді. 

Қарқаралы қаласының тұрғыны Несіпхан Темірғалиевтың айтуынша қалаға Жарлыдан су тарту жұмыстары 1987 жылдары басталған. Кейін жоба қаржының жоқтығынан тоқтап, құбырлар қолды болған. Содан бері  халыққа тіршілік нәрі уақытша қазылған ұңғымалардан  скважиналардан беріліп келеді.  Алайда қысымның жоқтығынан су ақпай қалатын кездер жиі болады

Несіпхан Темірғалиев, Қарқаралы қаласының тұрғыны:

- Жаздынгүні суға деген сұраныс жоғары болады. Ел кәдімгідей бау-бақшаларын суғарады, басқа да жағдайларға пайдаланады. Сондықтан әсіресе жазда су мәселесі Қарқаралыда өте өзекті болатын.  03.35 -03.47 Аз пайдаланылған жоқ Қарқаралының жерасты  суы. Енді соның деңгейінің де түсіп кеткен жағдайы болған шығар. Сондықтан судың тапшылығы қыс айларында да болып тұрады.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

- Қарқаралы қаласының халқы тәулігіне шамамен 1 мың текше метр су тұынады. Қаланы мынадай 4 скважина қамтамассыз етеді. Жарлы жерасты су көінен келетін құбыр іске қосылған соң бұл скважиналар консервацияланып, қосымша ретінде тұрады.

Ұңғымалардың қолданылғанына 50 жылға жуықтаған. Олар қаланы толық тіршілік нәрімен  қамтамассыз ете алмайды. Себебі  жерасты су қоры аз. Осыған байланысты  37 шақырым қашықтағы Жарлы жерасты су көзінен құбыр тартылған. Алайда мұнымен мәселе түбегейлі шешілген жоқ.

Мейірлан Сәдуақасов, Қарқаралы ауданы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің меңгерушісі

- Бұл жобада тәулігіне 1600 текше метр су беріледі деп жоспарланып отыр. Енді бүгінгі күні қосып тексеру жұмыстары қалды. Негізі 2024 жылдың аяғында бұл жоба іске қосылу керек еді. Қарқаралы қаласының ішкі су желілері дайын болмағандықтан 2025 жылға шегертілді.

Қала ішіндегі құбырлардың жалпы ұзындығы 34 шақырым. Былтыр  соның 10 шақырымы жаңаланған. Сумен жабдықтау мекемесі мамандарының айтуынша ішкі желіліердің 80 пайызы тозып тұр. Сәуір айынан бастап оларды ауыстырады.

Ғалым Мұсағалиев, Қарқаралы қаласы Сумен жабдықтау кәсіпорнының басшысы:

- Сол 34 шақырымды айырбастап жатырмыз. Қаланың ішіндегі құбырды айырбастаудың өзгешелігі бар. Анау далаға салғандай емес. Өйткені қаланың ішінде коммуникациялар бар ғой. Оптика волокно, теплотрасса дейді, канализация бар. Сондықтан бөгеттер болады.

Қарқаралы қаласында 9 мыңнан астам тұрғын бар. Ғалымдардың пайымынша Жарлы жерасты суы қалаға ғана емес, маңайдағы ауылдарды да қамтамассыз етуге жетеді. Жоба өлке экологиясына да оң серпін береді. Себебі қала ішіндегі ескі ұңғымалар орманның жерасты су қорын азайтып, соның кесірінен тау баурайындағы қарағайлар жыл санап сиреп барады.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Сайлау Игіліков