Шымкентте жұмысшы мамандықтар форумы өтті

Bir Tolqynda. Осындай атаумен Шымкентте жұмысшы мамандықтар форумы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Басқосуға 1000-нан астам адам қатысты. Жиынға келген жастар өңірдегі кәсіпорындар жұмысымен танысып, өздеріне керекті мағұлмат алды. Жетекші жұмыс берушілерімен тілдесіп, қызмет жолындағы мүмкіншіліктердің қыр-сырына қанықты. Артынша панельдік сессия ұйымдастырылды. Мұнда жастар кәсіби даму бойынша аймақ көшбасшыларының баяндамаларын тыңдады. Жұмыспен қамту жайы, тұлғалық даму, мансаптық өсу мәселелері талқыланды. Ресми дерекке сүйенсек, соңғы 5 жылда шымқалада IT, инженерия және өндірістік мамандықтар бойынша жұмыс орындарының саны 15%-ке артқан.

Бекзат Төлебай, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты ШҚФ төрағасы:

- Форум ұйымдастыруға мақсат – осы жылдан бастап біз жұмысшы мамандықтар статусын көтеріп, жастар арасында техникалық кәсіптік мамандықтардың жұмыстарын барынша насихаттап, барынша жастарды осында тартқымыз келеді.