Астанада 57 мың текше метр қар шығарылды
Кеше Астанада 57 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды 24KZ. Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, қыс бойына бір тәулік ішінде мұншалықты көп жұмыс атқарылмаған.
Көшенің тазалығына жауапты мердігерлер 6 наурыздан бері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қаладағы көшелердің 40%-не жауапты бір ғана «Астана Тазалық» мекемесінің өзі қар тазалау жұмыстарына күн сайын 700-ден астам жұмысшы мен 1200-ден аса арнайы техника жұмылдырады.
Ануар Магалов, «Астана Тазалық» өндірістік техника бөлімінің бас маманы:
- Бізде 6 аудан бар. 6 ауданда самосвал КамАЗ-дар деп айтамыз ғой. Кемінде 7 рейстен жасап жатырмыз. Мысалға, Нұра ауданы 10 рейске дейін барады. Өйткені оларды «снежная свалка» деп айтады ғой, қар шығарылатын жер жақын.