Жезқазғанда ауыз су сапасын тексеру жұмыстары күшейді

Себебі Кеңгір су қоймасында киік өлекселері табылғандықтан түрлі инфекция қоздырғыштары көбеюі мүмкін,

деп отыр эпидемиологтар. Қазір олар күнделікті сынамалар алып, зертханалық тексеру жүргізіп жатыр. Әзірге химиялық және бактериологиялық көрсеткіштер қалыпты. Бірақ сақтық үшін тұрғындарға берілетін суға хлормен бірнеше рет залалсыздандыру жүргізіледі, дейді мамандар. Қала халқы ауызсудың 70 пайызын осы ашық Кеңгір су қоймасынан тұтынады. Еске сала кетсек, өңірде бір апта бойы қыста қырылған киіктердің өлекселерін жинау жұмыстары жүріп жатыр. Табиғат инспекторлары мен төтенше жағдай қызметі 6 мыңға жуық өлексені жойды. Оның 600-ге жуығы Кеңгір су қоймасынан табылды. 

Нұрбол Жолдыбаев, санитарлы-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

- Біз бұрын мысалға оргоналептикалық  несін ғана, иісін, дәмін және түсін қарайтын тұғынбыз. Қазір енді осы жағдайға байланысты аммиакқа қараймыз. Соны қостық. Себебі киіктің өлекселері жаңағы аммиак шығаруы мүмкін. Ол деген өте зиян. Бүгінгі күнде судың құрамы нормада, нормалық мөлшерде.