Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттері саладағы үздік түлектермен кездесті

Астанадағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттері өз саласында ойып тұрып орын алған үздік әрі табысты түлектермен кездесті, деп хабарлайды 24kz.

Олардың қатарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы филиалының директоры Сәкен Рахметов те бар. Кәнігі маман өзінің еңбек жолын 2001 жылы жол жұмысшысы ретінде бастаған. Теміржол саласында бірқатар басшылық қызметте болған. Ол жастарға бұл мамандықтың ерекшелігіне тоқталып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы айтты. Өз кезегінде студенттер елде сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етіп, жұмысшы мамандықтардың мәртебесі ұдайы жоғарылап келе жатқанын мойындады.

Бекарыс Жексен, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенті:

- Көбісі жұмысшы мамандықтарды лас жүреді деп ойлайды. Фирмаларда төмен жалақымен, төмен табыспен жұмыс істейді деп ойлайды. Ол негізі олай емес. Ол жерде де көтерілуге болады, инженер, бригадир, бас бригадир. Сондай мамандықтарға дейін көтерілуге болады.