Павлодар облысында ірі дала өрті сөндірілді

Бір күн бұрын Павлодар облысының Жасыбай орман шаруашылығында шыққан ірі дала өрті де сөндірілді, деп хабарлайды 24kz.

Екпіні күшті жел мен құрғақ шөп өрттің тез таралуына ықпал етіп, қызыл жалынды тоқтату қиынға соққан. Құтқарушылар тілсіз жаумен тәулік бойы күресіп, аймақта аэровизуалды барлау жүргізілді. Өртті ауыздықтауға 220 адам мен 63 техника жұмылдырылды.