Ақмола облысында қарғын сумен күрес жалғасып жатыр. LIVE
Ақмола облысында қарғын сумен күрес жалғасып жатыр. Біржан сал ауданына қарасты Макинка ауылынының маңындағы бөгет суының деңгейі 15 сантиметрге көтеріліп, елді мекенге қауіп төндіріп тұр.
Абзал Азаматұлы, тілші:
- Дәл қазір біз Біржан сал ауданына қарасты Макинка ауылының маңынан сөйлеп тұрмыз. Елді мекен іргесіндегі бөгет суының деңгейі айтарлықтай көтерілген. Осылайша ауыл шетіндегі бірнеше ауланы су басу қаупі бар. Сондықтан тасқынның алдын алуға құтқарушылардан бөлек, жергілікті тұрғындар да белсенді атсалысып жатыр.
Сондай-ақ аймақта 50-ден астам тасжолды су шайып кетті. Қазір онда уақытша көлік қозғалысы шектелді. Бірақ тәртіп сақшыларының ескертуін елейметіндер де бар. Мәселен, кеше Жақсы ауданының маңында жабық жолдан өтем деген жеңіл көлік суға кетіп, 3 адам мерт болды. Сондықтан полиция мен төтенше жағдай қызметі тұрғындарды қауісіпсіздікті сақтап, алыс-жақын жолға шықпауға шақырады.