Ақмола облысында өзен-көлдердің су деңгейі көтеріліп жатыр

Ақмола облысында тасқынға қарсы шаралар күшейтілді, деп хабарлайды 24KZ. Әсіресе Астрахан, Бұланды және Атбасар аудандарында қызу жұмыс жүріп жатыр. Себебі аймақтағы бірнеше өзен-көлдегі су деңгейі күн санап көтеріліп келеді.

Қазір облыс бойынша су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Бұл құрамда Төтенше жағдай, «ҚазАвтоЖол» сынды бірнеше мемлекеттік органдардың мамандары бар. Олар қауіпті аймақтарды алдын ала анықтап, жедел әрекет етіп жатыр.

Жалпы өңірде соңғы тәулікте 80 мың текше метрге жуық су сорылды. Бөгеттерді нығайту үшін 12 мыңнан астам құм салынған қап төселді. Аймақтағы тасқынның алдын алуға 170-тен астам техника мен 400-ге жуық адам жұмылдырылған.