Сергеев су қоймасының деңгейі төмендеді
Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасының деңгейі соңғы тәулікте екі сантиметрге төмендеді.
Қазір бөгет үстімен Есілге құйып жатқан ағыстың биіктігі 168 сантиметрді көрсетіп тұр. Бірақ Новоникольск пен Покров ауылдары маңында өзен арнасының деңгейі көтерілгені байқалады. Сонымен қатар Петропавлдың шетіндегі саяжай учаскелері мен айналма жолды су шайған. Бұл туралы тұрғындарға алдын ала хабар берілген. Дәл қазір қауіпті аумақта полицейлер кезекшілік етіп, үйлерді күзетіп жатыр.
Владимир Хутинаев, ТЖД басқарма бастығы:
- Ғабит Мүсірепов ауданында Есіл өзенінің деңгейі төмендеп жатыр. Бірақ 3-4 күн ішінде Ақмола облысынан келетін судан қайта көтерілуі мүмкін. Дегенмен, бұл құбылыс елді мекендерге айтарлықтай қауіп төндірмейді.