Қостанай облысында су тасқынына қатысты ахуал тұрақты
Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар департаменті жүзге жуық елдімекенді су басуы мүмкін деп болжаған еді. Алдын алу шараларының нәтижесінде үйлерге су кірген жоқ. Елді мекендер айналасына, өзен-көлдердің жағасына 30 шақырым топырақ төгіліп, бекет жасалды. 14 су өткізгіш құбыр жүргізілді. Бұған дейін су шайып кеткен жол учаскелері жедел қалпына келтірілді.Төтенше жағдайлар қызметі тәулік бойы мониторинг жүргізіп, аймақтағы ахуалды бақылап отыр.
Өміржан Тұқышев, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
- Күнделікті космомониторингке сәйкес, облыстың қар басқан аумағы 0 процент құрайды. Облыс бойынша барлық өзендер ашылды. Еріген ағындар өзен арналары арқылы өтеді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жоғары Тобольск және Желқуар су қоймалары жинақтау режиіміне көшті. Секундына 3,1 текше метр санитарлық су бөлу жүріп жатыр.