Маңғыстау облысында жетім балалардың құқығы қорғалды

Маңғыстау облысында прокурорлардың араласуымен ата-ана қамқорлығынсыз қалған 75 баланың құқығы қорғалды.

Тексеру кезінде Ақтау, Жаңаөзен, Мұнайлы және Түпқараған аудандарында жетім балалардың баспана кезегіне тұрғызылмағаны, сонымен қатар олардың заңды қамқоршыларының білім бөлімдеріне уақытылы өтініш бермегені белгілі болды. Бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар бақылауға алмаған. Осыған байланысты білім беру бөлімінің мамандары ескерту мен сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бағдат Қарленов, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Сонымен қатар осы талдау нәтижелерімен мемлекет тарапынан 14 жетім балаға асырап алған қамқоршыларына бір жылғы ашқалай төлем алу жүргізілмегені анықталды. Сондай-ақ 24 қамқоршыға тиісті әлеуметтік белгіленген мөлшерден кем төленгені анықталды. Атап айтқанда, АЕК-ті өткен жылдың айлық есептік көрсеткішімен есептеу арқылы төленген. Біздің қадағалау актісі негізінде ұсыну енгізілді, 75 бала кезекке қойылды.Төлемдер сәйкестендірілді және жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапқа тартылды.