Туроператорлардың бірыңғай цифрлық тізілімі әзірленеді
Елімізде туроператорлардың бірыңғай цифрлық тізілімі әзірленеді. Ол азаматтарға туристік саладағы қызметтердің заңдылығын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім болды.
Айталық, бүгінде туроператорларды лицензиялау қызметінің екі түрі енгізілген. Алғашқысы – көшпелі турзим, екіншісі – елге кіру және ішкі туризм. Бұл қызметтердің көрсетілуі толық автоматтандырылған. Былтырдың өзінде мамандарға 600-ден астам лицензия берілген.