Олжас Бектенов: Жол бойындағы сервис жоғары стандарттарға сай болуы керек

Олжас Бектенов жол бойындағы сервисті жақсарту міндетін қойды, деп хабарлайды 24kz.

«Күрежолдың бойындағы дәмханалар, жанармай құю бекеттері және техникалық қызмет көрсету стансалары жоғары стандарттарға сай болуы керек. Бұл елдің туристік тартымдылығын арттыра түседі. Ал ел көлемінде өтетін ауқымды мәдени, спорттық және туристік іс-шараларға басқа да салалық министрліктер атсалысуы қажет. Оларды ұйымдастыру мен өткізу деңгейі экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, еліміздің имиджін нығайтып, инвесторлар мен туристер үшін еліміздің тартымдылығын арттыра түседі», - деп атап өтті Премьер-министр.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Өңір әкімдері туристік объектілерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмысын жандандыруы қажет. Көлік, Сауда, Ұлттық экономика, Туризм министрліктері мен әкімдіктер жол бойындағы сервисті жақсарту жұмыстарын жалғастырсын. Сондай-ақ осы бизнесте жұмыс істейтін кәсіпкерлерді ынталандыру мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл ретте туристердің қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аударылсын. Бүкіл инфрақұрылымға – әуежайлардан бастап қонақ үйлерге, сауда нүктелеріне, тамақтану орындарына, концерт алаңдарына дейін қауіпсіздік пен жайлылық тұрғысынан ревизия жүргізу қажет.