Елімізде туристерге арналған «Е-Шағым» жүйесі іске қосылады

Елімізде туристердің қауіпсіздігі үшін «Е-Шағым» жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды 24kz.

Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Үкімет отырысы аясында мәлімдеді. Яғни, кез келген демалушы қажет болған жағдайда цифрлық жүйе арқылы жосықсыз такси жүргізушілері мен қонақүйлерге шағымдана алады. «Е-Шағым» жүйесі туристерге бір тетік арқылы мемлекеттік орган өкіліне арыз-шағымын тікелей жеткізуге мүмкіндік алады.