Үкімет отырысында елге Дженнифер Лопестің келуі талқыланды

Үкімет отырысында елді елең еткізген тағы бір жаңалық айтылды, деп хабарлайды 24kz.

Әлемдік шоу-бизнестің жарқын өкілдері Қазақстанда концерт береді. Бұл тізімді Дженифер Лопес, Крэйг Дэвид секілді, аузын айға білеген танымал әншілер бастап тұр. Джей Ло өзінің ән кешін 1 тамызда ұйымдастырады. Мамандардың сөзіне сенсек, бұл жай ойын-сауық емес, елге инвестиция тарту көзі. Дженнифер Лопес секілді мега-жұлдыздардың келуі, біздің ел үшін ғана емес, Орталық Азия үшін тарихи оқиға деп бағаланып отыр. Әншінің концерті ойдағыдай өтсе, бюджетке 400 млн теңге салық түседі.

Мәлік Хасенов, «Астана концерт» компаниясының продюсері:

- 13 шілдеде Астанада Крэйг Дэвид секілді шетелдік және отандық жұлдыздардың қатысуымен ауқымды концерт өтеді. Ал 1 тамызда Астана Арена стадионында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес ән шырқайды. Кеш толығымен коммерциялық негізде ұйымдастырылады. Мұндай ауқымды іс-шаралар жергілікті қонақ үйлер, мейрамханалар мен басқа да қызмет көрсету салалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.