Алматыда студенттер арасында WorldSkills Almaty-2025 өңірлік чемпионаты басталды
Алматыда колледж студенттері арасында WorldSkills Almaty-2025 өңірлік чемпионаты басталды, деп хабарлайды 24kz.
Студенттер құрылыс, ақпарттық, өндірістік және инженерлік технологиялар бойынша шеберлік байқасады. Әлеуметтік қызмет, көлік, логистика, сондай-ақ білім беру саласында да тәжірибе алмасады. Биыл Президент Жарлығымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Негізгі мақсат – қоғамның осы салаларға көзқарасын жақсарту. Алматыда колледжердегі білім сапасын арттыру үшін дуальды білімге көңіл бөлініп отыр. Теория мен тәжірибені ұштастыру мақсатында құзыреттілік орталықтар ашылған. Биыл өңірлік чемпионатқа 55 колледжден студенттер қатысады. Жеңімпаздар қараша айында Астанада өтетін республикалық сайысқа барады. Одан үздік шыққандар Данияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
Сайран Сайфеденов, қалалық білім басқармасының басшысы:
- Бұл жерде барлық жұмысшы мамандықтар қарастырылған. Бұның аясында 15 мыңнан астам метеп оқушылары осы жарысты көреді деп жоспарлап отырмыз. Болашақта біздің оқушыларымыз осы ммандықтарды таңдап, колледждерге келеді деген үмітіміз бар.