Өскеменде 12 шақырым жылу желісі ауыстырылады

Өскеменде жылу электр орталығы мен желілерін жөндеуге 4 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалады.

Стратегиялық маңызы бар нысан «Тарифті инвестицяға айырбастау» жобасы аясында қалпына келтіріледі. Жаңғырту жұмыстарын монополияға қарсы қызмет мамандары қадағалайды.

Биыл Өскемендегі 12 шақырым жылу желісі ауыстырылады. Мамандардың айтуынша, ескі құбырлар әбден тозған. Қомақты қаржы «Тарифті инвестицяға айырбастау» жобасынан алынады. Бұл жұмыс кезең – кезеңмен атқарылады. 

Марат Нұрғазин, жылумен қамту ұйымы директорының орынбасары:

- Жөндеу жұмыстары жылу желілерінің тозу көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік береді. Ол үшін жыл сайын кем дегенде 5 пайызын ауыстыру керек. 

«Жөндеу жұмыстарын тез, әрі сапалы орындау маңызды», - дейді қоғам белсенділері. Бұл коммуналдық апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Владимир Грицайдың айтуынша, осы ретте «Тарифті инвестицяға айырбастау» жобасының маңызы зор.

Владимир Грицай, облыстық қоғамдық кеңестің комитет жетекшісі:

- Бұл жобаны әрі қарай дамытук керек. Өйткені, жылу желілерінің қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Құбырлар жылдар бойы жөнделмеген. 

Жылу электр орталығы мен желілерді жөндеуге 4 млрд теңгеден аса инвестиция құйылады. Оның тиімді жұмсалуын монополияға қарсы қызмет мамандары қадағалайды. 

Жұмагүл Мұсипова, табиғи монополияларды реттеу комитеті ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

- 6,3 км жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізу 1 млрд. теңге көлемінде. Және де Өскемен жылу электр орталығының 3,2 млрд теңге көлемінде қазандықтарды жөндеу жұмыстары қарастырылған. Аталған жұмыстар осы жылыту мауысымы аяқталғаннан кейін басталатын болады.

Өскемендегі жылу желілерін жөндеу жұмыстары 28 аумақта жүргізіледі. «Тарифті инвестицяға айырбастау» жобасында мамандардың айлығын көтеру де қарастырылған. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин