Заң мен тәртіп: ішкі істер қызметінде жемқорлық азайған

Алматыдағы ішкі істер қызметінде, жемқорлық айтарлықтай азайған.

Бұл соңғы екі жылдағы көрсеткіш. Мұны қалалық антикор басшысы айтты. Бұған департамент пен полицейлердің бірлескен жұмыс нәтижесі себеп. Былтыр 15 тәртіп сақшысына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданса, биыл құқық қорғау органы қызметінің 3 өкілі істі болды. Антикор басшысының қала полицейлерімен өткен кездесуінде жемқорлықтың алдын алу тәсілдері, құқықтық тәртіпті нығайтудың жаңа шаралары айтылды.

Арман Рақымов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

«Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға қабылданып жатқан іс-шаралар бойынша сұрақтар көтерілді. Тергеліп жатқан қылмыстық істер Қылмыстық-процестік кодексінің 200-ші бабына сай енгізілген ұсынымдар да талқыланды».