Өңірлердегі ауызсу тарифі қандай?
Суды үнемдеу қажет. Біраз жыл су өте арзан әрі ысырап көп болған еді.
2023 жылдың ақпанынан бері елдегі суық су тарифі 74%-ке, яғни 61 теңге 16 тиыннан 106 теңге 17 тиынға көтерілген. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, қазір ең арзан тариф – Жезқазған мен Қызылордада. Ұлытаулықтар 1 текше метр суға 46 теңге 20 тиын төлесе, Қызылорда тұрғындары 49 теңге 10 тиын төлеп отыр. Астанада тариф елдегі орташа бағадан төмен. Елордалықтар 1 текше метр суды 89 теңге 30 тиынға сатып алады. Ал ең қымбат су Ақтауда. Өйткені Маңғыстауда тіршілік нәрі тапшы. Арнайы кәсіпорындар теңіз суын тұрғындарға тұщытып береді. Мұнда 1 текше метрді 372 теңге 38 тиынға сатып алуға тура келеді.
Республика – ₸106,17
Жезқазған – ₸46,20
Қызылорда – ₸49,10
Астана – ₸89,30
Ақтау – ₸372,38