Елімізде психологтардың қызметін ретке келтіретін заң әзірленіп жатыр

Елімізде психологтардың жұмысын ретке келтіретін жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр.

Бастама психологиялық қызмет көрсетуді жан-жақты жетілдіру әрі қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Пысықтаудағы құжатта бірқатар маңызды мәселелер қамтылған. Қатарында елде саңырауқұлақтау қаптаған "псевдопсихологтарға" тосқауыл қою. Сала мамандарын арнайы білім-білігі, тәжірибесіне сай іріктеу көзделген. Мұнымен қоса кәсіби және этикалық стандарттарын бекіту қарастырылған.

Шолпан Каринова, "Amanat" партиясының хатшысы:

-Тиісті заң жобасына қатысты заңның сұлбасы жасалды. Бірінші нұсқасы жасалды. Оған бүгінгі күні жоғары оқу орындарынан, жеке орталықтардан, практик-психологтардан 200-ден астам ұсыныс келіп түсті. Заңды жасайтын осы психологтардың өздері. Аманат партиясы халыққа сапалы психологиялық көмек берілуі керек деп бастамашылық жасады.