«ART Sport» бағдарламасы бойынша 8 адам сотталған

«ART Sport» бағдарламасы бойынша 22 қылмыстық іс қозғалып, 8 адам сотталды.

Яғни екі жыл бұрын осынша адам бағдарлама қаржысын талан-таражға салған. Сенат депутаты Геннадий Шиповских «ART Sport» бағдарламасындағы қаржы айналымына алаңдайтынын айтып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Сенатордың айтуынша, республика бойынша іс жүзінде тіркелген 8 мыңнан астам баланың сабаққа қатыспағаны анықталған. Сонымен қатар 164 жаттықтыру орындары санитарлық талаптарға сай келмей шыққан. Яғни балаларды жертөле, пәтер және жабдықталмаған залдарда жаттықтырған. Оқу-жаттығуға қажетті құрал-жабдықтар жетіспейді. Балалардың сабаққа қатысуын растайтын электрондық жүйе болмағандықтан заңды белден басқандар бар. Осыған байланысты депутат,  мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруды аудандық және қалалық деңгейлерге беру қажеттігін ұсынды. Ал  есепке алудың биометриялық жүйесін енгізу қажет деді.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Біз қазір Үкіметке орынды сұрақ қойып отырмыз. «Арт спорт денсаулық кепілі ме, әлде дертке айналды ма?» деген. Біз өзіміз түсінбей жатырмыз. Ұсынысымыз бірінші балаларға биометриялық жүйесін енгізу.

Аудандық және қалалық деңгейлерге қаржыландыру жүйесін ортақ болғызу. Біріншіден, арт спортпен айналысатын кәсіпкерлер осыған қатысты спортпен жабдықтау дүниесін оң бағаға жеткізу қажет.