Астанада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің пленумы өтті

Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеудің ұлттық бағдарламасы қабылданды.

Оның аясында жыл бойы еліміздің барлық өңірлерінде екі мыңға жуық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің пленумында Мәдениет және ақпарат министрі мәлімдеді. Аида Балаеваның айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес, ведомство арнайы жобаны дайындауды бастаған. Бұл құжатта мемлекеттің идеологиялық жұмысындағы мақсат- міндеттер мен басымдықтар айқындалады. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты концерт ұйымдастырылады. «Қазақ елі» монументі алаңында әскери парад өтеді. Ол еліміздің барлық ірі телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, «Батырларға тағзым» порталының қызметі кеңейтілді. Сондай-ақ, «Қазақфильм» киностудиясы өңірлік кинотеатрларда көрсетілетін 19 ұлттық фильмнен тұратын арнайы топтама әзірледі.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Ұлы жеңіске байланысты Мәскеуде өтетін, Ленинградтың, Санкт-Петербург қазіргі қоршауында болғана адамдар, концлагерьде болған адамдардың барлығына құрмет көрсеткісі келіп, Ресесйден шақырулар келіп жатыр. Бірақ енді соған, шынын айту керек, кейбіреулер ұмтылғанменде айналасындағы балалары, ұрпақтары қорқады алып баруға. Ұшақты көтере алмай қалуы мүмкін. Жолды көтере алмай қалуы мүмкін. Сондықтан біз өзіміздің елімізде, өзіміздің жерімізде үлкен, есте қалатындай іс-шаралар ұйымдастырып жатырмыз.