Жұмысшы мамандықтар жылында кадр тапшылығы мәселесі шешіле ме?
Республика бойынша нақты қандай мамандарға сұраныс артады? Ол немен байланысты? Жоғарыда айтып өткендей, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы секілді бірқатар салада тапшылық бола ма? Жауаптылар не дейді?
Мемлекет басшысы биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бекер болмаса керек. Себебі алдағы жылдары оларға расымен сұраныс артады.
Мысалы құрылыс саласында сылақшылар, бригада прорабтары және дәнекерлеушілерге жоғары сұраныс күтіледі. Ал ауыл шаруашылығы саласында фермерлер, тракторшылар және ірі қара малды өсіретін мамандардың тапшылығы болады. Өңдеу өнеркәсібінде тігіншілердің, жабдық слесарьларының, сондай-ақ сантехниктер мен құбыр өткізушілердің жетіспеушілігі байқалмақ. Бұған қоса, орта медициналық персоналдарға, әсіресе, жедел жәрдем жүргізушілері мен фельдшерлерге сұраныс артады. Жалпы қазірдің өзінде салада мәселе жоқ деп айта алмаймыз. Себебі «екі қолға бір күрек табу» тақырыбы өзекті. Ал нақты қай өңірлерде қазір кадр тапшылығы бар?