Алаяқтар СҚО тұрғындарынан 312 млн теңге жымқырды
Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтық өршіп тұр, деп хабарлайды 24KZ. Жыл басынан бері интернет алаяқтар өңір тұрғындарынан 312 млн теңге жымқырған. Зардап шеккендерден полицияға 175 арыз түсті.
Алайда қылмыстың көбі ашылмай тұр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, алаяқтар көбіне шет елдерден хабарласып, «дропперлер» арқылы ақша алады. Сондықтан күдіктілерді ұстау қиын. Олардың арбауына зейнеткерлер көп түседі. Мысалы, Петропавл қаласының тұрғыны пәтерін сатып, қылмыскерлерге 23 млн теңгесін аударып жіберген. Бұл ретте құқық қорғау органдарының қызметкерлері күмәнді қоңыраулардан сақ болуға шақырады.
Виталий Подчернин, облыстық ПД басқарма бастығының орынбасары:
- Интернет алаяқтары көбіне банк қызметкері ретінде қоңырау шалады. Сонымен қатар коммуналдық қызмет атынан хабарласады. Одан кейін ақшаны шешіп, өздерінің есепшоттарына аударуға нұсқау береді.