Қарағанды облысының өрт сөндіру қызметі 17 техникамен толықты

Жаңа көліктер өңірдегі бөлімшелерге үлестіріледі, деп хабарлайды 24kz.

Азаматтық қорғау саласын дамыту бағытында облыстық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлінеді. Соңғы үш жылда 44 арнайы техника алынып, автопарк 93%-ке жаңарды. 2027 жылға дейін қаржы лизингі арқылы 3 миллиард 850 миллион теңге бөлу жоспарланған.

Еркін Отарғалымұлы, ТЖД бастығының бірінші орынбасары:

- Бұл техника заманауи, барлық техникалық шешімдері салынған. Бұл өз кезегінде жеке құрамға қойылған тапсырмаларды уақытылы және жедел орындауға мүкміндік береді.