Құны 610 млрд теңгенің заңсыз активтері ел қазынасына қайтарылды

Бүгінде мемлекет меншігіне шамамен 610 млрд теңгенің активтері, оның ішінде 506 млрд теңге ақшалай, сондай-ақ құны 103 млрд теңгеден астам мүлік қайтарылды, деп хабарлайды 24kz.

Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы 280 әлеуметтік нысанды жүзеге асыруға, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қаражат бөлінді. Бұл туралы Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды. Комиссия заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасауды мақұлдады. Арнаулы мемлекеттік қорға қосымша 150 млрд теңге бағытталады. Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару туралы заң аясында осы іске қатысы бар адамдар мен компаниялар Қазақстан экономикасына 10,5 миллиард доллар инвестиция құюға міндеттелді.