Заң мен тәртіп: Өскеменде студенттерге құқықтық сауаттылық дәрісі өтті

Шығыс Қазақстан облыстық көлік прокуратурасының қызметкерлері Өскемендегі жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап құқықтық сауаттылық тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды 24kz.

Шара барысында болашақ заңгерлерге қойылатын негізгі талаптар мен құқық қорғау органдарында қызмет етудің ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Прокуратура мамандары студенттерге білместікпен жасалған құқықбұзушылықтың болашақ еңбек жолына тигізетін кері әсері жайлы да егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл кездесудің басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, заң саласына деген қызығушылығын ояту.

Нұркелді Ермаш, Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасының аға прокуроры:

- Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру үшін бізге білімді, мықты студенттер өте көп қажет. Оқып жүрген кезінде бұзушылық жасамау қажеттілік туралы біз түсіндіреміз. Өйткені егер бұзушылық жасап, есепке алынатын болса, жұмысқа кіру қиынырақ болады, мүмкін болмайды.