Ұлттық ұлан Жеңіс шеруіне қызу дайындалып жатыр

Жеңіс күніне арналған шеруге Ұлттық ұланнан 400-ден астам әскери қызметші қатысады.

Мерекелік шара аясында құқықтық-тәртіп әскерінің тігін шеберханалары тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Жауынгерлердің киімдері арнайы сапалы матадан тігіліп, талапқа сай пішіледі. «Киім үлгілерінде ұлттық нақыштағы элементтер көзге айрықша түседі» - дейді мамандар. Бұл Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің дәстүр мен заманауи келбетті үйлестіре отырып, Жеңіс күнінің рухын асқақтата түсуіне бағытталған шешім. Қазір Ұлттық ұланда республика бойынша 30-ға жуық тігін шеберханасы бар. Онда 40-тан астам әскери қызметші еңбек етеді.