Биыл 125 теміржол вокзалы жаңартылады

Осылайша, іргетасы өткен ғасырда қаланған көне ғимараттардың көркі кіріп, заман талабына сай жабдықталады. Ауқымды инфрақұрылымдық жоба ірі шаһарлармен  қатар, шалғайдағы маңызды бекеттерді де қамтиды, - дейді сала өкілдері.

Мысалы, Астана вокзалы бүгін стандартты қызмет түрлерінен құр алақан емес. Дегенмен жолаушылар сұранысына түгел жауап береді деуге келмейді. Шығыс Қазақстан мен Абай облысындағы нысандар туралы да осыны айтуға болады.

Вокзал сырттан келгендер үшін ең бірінші әсер қалдыратын қақпа. Сондықтан нысанның сәні мен сапасы талапқа сай болғаны маңызды. Астана-1 вокзалы қашанда құжынаған халыққа толы. Былтыр 2 миллион адамға қызмет көрсетті. Қажетті дүниенің бәрі табылғанымен заман талабынан қалыс қалған тұсы көп. Енді олқылықтар жойылады. Сыртқы келбеті шаһар сәулетімен астасып, жолаушыларға қолайлы жағдайдың бәрі ескеріледі.

Саят Мұқашев, Астана-1 вокзалының басшысы:

- Сымсыз Wi-Fi интернетпен қамтамсыз етуді көздеп отырмыз. Бұл жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары - жолаушыларға ұсынылатын қызмет түрлері сапасының жайлылық деңгейін арттыру ыңғайлы болдыру. Сонымен қатар жолаушылар қамқорлығы - басты мақсатымыздың бірі.

Сонымен бірге ақпараттық-хабарландыру жүйесі жаңартылып, сервис түрленеді. Күту залдары қайта жобаланады. Шалғайдағы бекеттер де ұмытылмайды.

Ал Шығыс Қазақстан мен Абай облысында 15 теміржол аялдамасы  жаңартылады. Бұл тізімде 87 жылдық тарихы бар Өскемен-1 вокзалы да бар. Көне ғимарат енді адам танымастай өзгереді. Әсіресе жолаушылар қауіпсіздігі ерекше назарда болады.

Нұрлан Әзімханов, «ҚТЖ» ҰК АҚ «Семей магистралдық желі бөлімшесі» филиал директорының орынбасары:

- Негізгі перрон мен қосалқы перрондар күрделі өзгергелі жатыр және де қосымша перронға  өту үшін адамдарға  кокорсты переход жасалғалы жатыр,енді жаңа қазіргі 21 ғасыр талабына сай нәрелердің бәрі өзгертіліп жатыр.

Бекетте «Ана мен бала» бөлмесі ашылып, мүгедектігі бар жандарға бейімделген қызмет түрі артады. Ел бойынша басталған жоба биыл аяқталады деп жоспарланған.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов