Өңірлердегі дәрігер тапшылығы 19%-ға азайды
Өңірлерде дәрігерлер тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлері тапшылығы 7%-ға азайды.
Оған саладағы әлеуметтік қолдау шаралары көмектесті. Қазірдің өзінде 600-ге жуық жас маман осы істің игілігін көрді. 207 ақ халаттыға 8,5 млн теңгеден біржолғы көмек берілді. Бұл жайлы Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, кейінгі кездері дәрігер боламын дейтін жастар көп. Сәйкесінше мемлекет мезіреті де ұлғая түскен. Мәселен сектордағы білім гранты 2,5 мың орынға дейін көбейген. Ал шәкіртақы мөлшері бакалаврлар мен интерндерге 20%-ға, резиденттер, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға өсті. Айтайық, елде 270 мыңнан астам медицина қызметкері бар. Оның 81 285-і дәрігер және 190 644-і орта дәрежедегі медицина қызметкері.