Орталық Азия медиафорумында елдің ақпарат саласындағы жетістігі айтылды
Астанада екі күннен бері II Орталық Азия медиафорумы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. 700-ден астам медиа майталманы жиналған шараның мақсаты – БАҚ саласындағы трендтер көшінен қалмау, ақпараттық қауіпсіздік мәселесінде бірлесе әрекет ету.
Орталық Азияның медиа және халықаралық серіктестік өкілдері өзара ынтымақтастықты нығайта түсу қажеттігін алға тартты. «Бұл тұста Қазақстанның ақпарат тарату саласындағы жетістіктері орасан зор», – дейді сарапшылар. Мамандар Қазақстанның халықаралық ресурстармен байланыс орнатуда белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.