Қазақстанда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі жаңа тұжырымдама бекітілді
Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді, деп хабарлайды 24kz.
Құжат құқықтық мәдениет деңгейін арттырып, заңды сақтау маңызын түсіндіруге бағытталған. Оны әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе ескерілді. Тұжырымдамада сыбайлас жемқорлық пен «көлеңкелі» әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыруға мән берілген. Сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, білімін тәжірибеде қолдану үшін түрлі шара ұйымдастыру жоспарлануда. Оған қоса, билік пен бұқара арасын жалғайтын жаңа тетіктер енгізуге баса назар аударылды. Яғни, мемлекеттік органдар ашықтығы, цифрлық қызметтер, қоғамдық мониторингті дамытуға назар аударылады. Кадр саясатын реформалап, полицейлер біліктілігін арттыру курстары да көрініс тапқан. Көрші мемлекеттермен бірлесіп, трансұлттық қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыру жоспарланып отыр. Кешенді шаралар қабылдау нәтижесінде қоғамда құқықтық тәртіпті сақтауда оң өзгеріс қалыптасып, заңдарға үстірт қарау азаяды деп күтілуде. Бұдан бөлек, халықтың мемлекет пен құқық қорғау органдарына сенімі нығаяды. Түптеп келгенде, құжат құқықбұзушылық санын азайтып, экономикалық тартымдылық пен инвестициялық ортаның жақсаруына әкелуі тиіс.