Биыл Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесіне түскен шағымдар саны 17% көп
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 7 мыңға жуық адамның шағымын қараған, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – былтырғы көрсеткіш. Сорақысы сол, шағымдардың саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 17%-ке көп. Қазақстандықтардың дені сотқа дейінгі тергеу органдарының әрекетіне, сот шешімдеріне, жабық медициналық мекемелерде ұстау шарттарына наразылықтарын білдірген. Мұнымен қоса, денсаулық сақтау саласына да арызданушылар саны 2,5%-ке артыпты.
Атап айтқанда, ақ халаттылар қызметінің немқұрайлығы, дәрі-дәрмекпен қамту ісіндегі олқылықтар мен емделу жағдайына наразылық білдірген. Құқық бұзушылықтарды анықтау аясында мамандар 800-ге жуық тексеру жүргізген. Нәтижесінде 97 лауазым иесі жауапкершілікке тартылып, 4 қылмыстық іс тіркелген.