Ауыл әкімдерінің корпусы 72% жаңарды

Соңғы үш жылда ауыл әкімдерінің корпусы 72%-ке жаңарды, деп хабарлайды 24kz.

Енді биылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін халық тікелей сайлайтын болады. Маңызы зор саяси науқанды ұйымдастыруда олқылықтар болмас үшін қандай шара қабылдау керек?

Бүгін Еуразиялық интеграция институтының «Ашық саясат» сараптамалық клубының отырысында осы мәселе талқыланды. Сайлаудың шынайы, әділ әрі ашық өтуі үшін электоратқа ұсынылатын бағдарлама нақты зерттеуге сүйенген, саяси тұрғыдан сауатты құрылуға тиіс. «Сонда халықтың әділ таңдау жауасына мүмкіндік берілмек», - дейді сарапшылар.

Қарғаш Жанпейісова, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Саясаттану кафедрасының доценті:

- Бәрінің айтар ұсыныстары біреу болса, халық кімді таңдайды? Сондықтан да ол партиялардан түсетін кандидаттардың бағдарламалары бірінші халыққа не қажет екендігін, қандай проблемасы бар екендігін білу үшін сауалнама жүргізіп, проблеманы анықтап, сол проблеманың негізінде бағдарлама дайындалуы керек.