Атырауда кәмелетке толмаған жасөспірімдер заңсыз жұмыс істеген

Атырауда еңбекке заңсыз тартылған кәмелетке толмаған балалар анықталды, деп хабарлайды 24KZ. Тәртіп сақшылары еңбек инспекциясымен бірлескен рейдке шықты. Екі күн ішінде облыста осындай 54 дерек тіркелді.

Жасөспірімдер сауда үйлері, базар маңы, аялдама сияқты қоғамдық орындарда сауда-саттықпен айналысып, мейрамханаларда жұмыс істеген. Аталған фактілер бойынша олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылады.

Шынар Нұршанова, ювеналды полиция тобының инспекторы:

- 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында республикалық көлемде «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу және профилактикасы, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасында құқықбұзушылықтың жолын кесу. Сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қолсұғушылықтардың алдын алу мақсатында жұмыс атқарып жатырмыз.